Президент мемлекет қайраткері Қ. Сүлейменовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде мемлекет қайраткері елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру аясында құқық қорғау жүйесі мен,,, азаматтық қоғамды одан әрі дамытудың келешегі туралы ой-пікірін айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.