Халықтың басым бөлігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті

Халықтың басым бөлігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті

Отандастарымыздың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай дейді. Палата спикері референдумды ел бірге жұмылып, абыроймен атқарғанын айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Өткен референдумның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Бірлік пен сенім - жаңа Қазақстанның негізгі тірегі. Халқымызда ертеңге деген сенім, ауызбіршілік, татулық пен тұрақтылық бар. Ендігі кезекте Президенттің маңайына топтасып, осы сенім мен ынтымақты еселей түсуіміз керек. Сондықтан мемлекет басшысының сенімін ақтап заңнамалық тұрғыда саяси өзгерістерді сапалы тұрғыда іске асыруымыз қажет.