ҚР Премьер-министрі шетелдік инвесторлармен кездесті

ҚР Премьер-министрі шетелдік инвесторлармен кездесті

Әлихан Смайылов шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті.

General Electric компаниясының Ресей және ТМД-дағы президенті Бела Ференцимен кездесуде энергетика, денсаулық сақтау және авиация салаларындағы стратегиялық әріптестіктің перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңғырту мен жаңасын құру жобалары қаралды.

Азия даму банкі вице-президенті Ашок Лавасамен әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық даму әлеуеті атап өтілді. Ал Citi-group атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен келіссөз барысында декарбонизациялау және жасыл экономиканы дамыту мәселелері сөз болды.