Қазақстанның Германия және Ливандағы жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Германия және Ливандағы жаңа елшілері тағайындалды
Abai.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды.

Ал Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Президенттің Жарлығымен сондай-ақ Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.