Мәжіліс депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мәжіліс депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына барды

Парламент Мәжілісі депутаттарының ауыл-аймақтарға іссапары жалғасып жатыр.

Халық қалаулыларының бір тобы Солтүстік Қазақстан облысындағы кірпіш зауытында болды. Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода өндіріс басында еңбек ұжымымен кездесті. Қазір мұнда 100 адам еңбек етеді. Подгорное ауылындағы кәсіпорын мамыр айында ашылған. Жоба құны 2 млрд теңгеге жуықтайды. Серіктестікте жаздың соңына дейін тағы бір желі іске қосылып, өндіріс қуаттылығы екі есеге артпақшы.

Ерлік Тайжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қаншама жұмыс орыны берілген. Шикізаттың бәрі осы жерден алынады. Сондықтан да мен ойлаймын келешекте бұл өнім біздің өңірге қажет өнім. Бұл жетістік. Енді біз осы өңірде болғанда «Жол картасын» қараймыз «Ауыл – ел бесегі» программасы бойынша не істеліп жатыр, соның бәрін көреміз.