Б. Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынды

Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мемлекеттік компанияны реформалау туралы айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Инновациялық технологиялар паркі» қоры, Astana Hub пен Qaz-Innovations агенттігін біріктіру арқылы оңтайландыру ұсынылды.

Бұл алдымен бюджет қаражатын үнемдеуге көмектеседі. Министр салада артық басшылардан арылып, нақты жауапкершілікті бекіту қажет деп санайды. Бұл қысқартулар елімізге жылына 750 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік бермек.