Отандық әскерилер армия ойындарында көш бастады

Отандық әскерилер армия ойындарында көш бастады

Елімізде өткен халықаралық армия ойындарының  жеңімпаздары марапатталды. Қазақстанның әскери қызметшілері үш бағыт бойынша, қарсыластарынан оза шапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында өткен «Артиллериялық атыс шеберлері» сайысында қазақстандық миномет есептоптары бірінші орынға ие болды. Ал, «Спасск» полигонындағы «Тактикалық атқыш» байқауында бірінші кезеңнен-ақ жерлестеріміз көш бастады. Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында Әскери топографтар кәсіби шеберліктерін сынға салды. «Меридиан» байқауында да бірінші орынға Қазақстан командасы көтерілді.