Қазақстан мен Әзербайжан өзара байланысты нығайтуға ниетті – Сарапшы

Қазақстан мен Әзербайжан өзара байланысты нығайтуға ниетті – Сарапшы

Қазақстан да, Әзербайжан да өзара байланысты нығайтуға ынталы.

Ал Президенттің ол елге сапары мүмкіндіктерімізді кеңінен пайдалануға сеп болады. Бірлескен жобалар іске асырылуы мүмкін. Бұл отандық сарапшылардың пікірі. Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық салада жасалған келісімдер үлкен істің басы ғана. Нақты жетістіктер алда дейді.

Айдар Құрмашев, Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Президенттің сапары барысында қойылған келісімдер ол жалпылама бағыттарды анықтайды. Ендігі кезеңде ол министрліктердің арасында және ғылыми қауымдастықтың арасында отырыстарда нақты іске асырылатын жобалар бойынша жұмыс жүргізіледі деген ойдамыз.