Қ.Тоқаев жедел штабтың отырысын өткізді

Қостанайға жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Әулиекөл ауданындағы отқа оранған аймақты әуеден барлап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын жедел штабқа барып мемлекеттік орган басшыларының ақпарын тыңдады. Кейін баспанасы отқа оранып, эвакуациялық орталыққа орналасқан тұрғындармен кездесіп, қайғысына ортақтасты. Мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Көп ұзамай жаңа тұрғын үй салу жұмыстары басталады. «Қыс түскенше пайдалануға береміз, тікелей өз бақылауыма аламын», – деді Президент. Сондай-ақ зардап шеккендерге жәрдем беруге келген еріктілермен жүздесті. Қиын жағдайға тап болғандарға көмек қолын созып, барымен бөлісіп жатқан жұртқа алғысын айтты.