Президент АХҚО басқарушысын қабылдады

«Астана» халықаралық қаржы орталығына әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген.

Ал тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға дейін жетті. Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі таңда Astana International Exchange биржасы арқылы елге 321 миллион доллардан астам акционерлік, 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылды. Жалпы, кездесуде орталық жұмысының қазіргі нәтижелері мен президент тапсырмаларының орындалуы баяндалды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында орталық маңызды рөл атқаратынын атап, шетелден инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен.

Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылды.