Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

 

Мәжіліс депутаттарының ұсынысына байланысты республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды. Бұл туралы ақпарат Қонституциялық Кеңестің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Конституцияның 91-бабы 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.