Елімізге келген шетелдік қонақтар Қарағандыдағы Дева Мария шіркеуіне барады

Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезі өтеді. Құрылтай әлемнің 50-ден астам мемлекетінен діні бөлек мыңдаған делегаттың басын біріктірмек. Шетелдік қонақтар Орта Азиядағы ең ірі католиктер шіркеуін көру үшін Қарағандыға баруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандыдағы бұл шіркеу 2012 жылы ашылған. Католиктер сенімі бойынша бар адамның анасы саналатын Дева Марияның атымен аталады. Бір қызығы мұндағы  Дева Мария  өзгеше – қазақы нақышта киінген.

Евгений Зиньковский, Қарағанды католик епархиясы епископының көмекшісі:

Кафедралды собор – Мария Фатимскаяның атында. Бізге келетін барлық қонақтар үшін бұл ең ерекше көрініс болып табылады. Осы шіркеуде жаның жай тауып, дүниенің құлы болмай «мәңгілік» турасында ойланып,сенімді нығайтуға болады.

Рим папасының Қазақстанға келуі – барша дін өкілдері үшін маңызды. Мұнда наным мен сенімнен гөрі достық пен бейбітшілік бірінші орында тұр дейді діндарлар.

Атап өткен жөн, бұл жиында 50-ге жуық мемлекеттен 100-ге тарта делегат келіп қатысады.

Аделио Дель’оро, Қарағанды, католик епархиясының епископы

Бұл жиын Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда өтуі аса маңызды. Себебі осыдан 21 жыл бұрын. Папа Иоанн II «Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы дәнекер» деп лайықты баға берген.  Бұл халық арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшіліктің туын желбіреткен құтты мекен.

Қарағандыдағы Рим-Католик шіркеуі қазір облыс орталығының қонақжай орындарының біріне айналған. Ол осыдан 10 жыл бұрын Германиядағы Кёльн шіркеуі негізінде салынған. Ғимараттың биіктігі 22 метр.