Президент Еуропалық комиссия президентімен келіссөз жүргізді

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалар да сөз болды. Еуропалық комиссия Президенті біздің елдегі ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.