Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр

Осы уақытқа дейін депутаттар бірқатар маңызды құжатты қарастырып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау, азаптау және қатыгез әрекеттердің алдын алу туралы заңның жобасы бойынша қорытынды әзірленді.

Кейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасап, Президенттің тапсырмаларын орындауға қатысты заңның жобасын таныстырды.

Дәл қазір депутаттар жастар саясаты жөніндегі заңның жобасын қарастырып жатыр. Құжаттың нормаларына сәйкес, бұл санатқа кіретін азаматтардың жасы ұлғайтылады.