Қазақстанда газ саласын реформалау қажет – Президент

Газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған Заңнамаға жыл соңына дейін тиісті өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президенттің «QazaqGaz» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасын қабылдауы кезінде белгілі болды. Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек, ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы есеп берілді.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Мемлекет басшысымен газ саласын реформалау мәселелері талқыланды. Екіншіден, ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету мәселесі анықталды.  Газ саласын реформалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесу барысында Мемлекет басшысы нақты тапсырмаларын берді.  Кешенді жоспарды әрі қарай жүзеге асыру, Қашанған кен орнында жасалып жатқан жаңа  газ өңдеу зауытының қарқында жұмысын  атқаруға тапсырмасын берді.