Президенттікке үміткер Н. Әуесбаев қазақ тілінен емтихан тапсырды

Ол берілген тапсырмалардың бәрін орындап, мемлекеттік тілді жетік білетінін дәлелдеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан ұсынылған кандидат. Лингвистикалық комиссия отырысында ол қазақ тілінде шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі тиіс болды.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия ел президенттігіне кандидат Н. Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.