Қ.Тоқаев пен Р. Ердоған кездесуі Ақордада жалғасты

 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен біздің елге келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің басшысын елорда әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылы жүздесуден кейін мемлекет басшылары арнайы кортежбен Ақордаға келді. Салтанатты қабылдау рәсімін өткізді. Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық мәдени-гуманитарлық саланы дамыту жайын талқылайды деп жоспарланған. Биыл сегіз айда қос мемлекеттің өзара тауар айналымы 66 пайызға өсіп, 3,5 миллиард долларға жетті. Осылайша Түркия Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бестігіне кірді. Ал инвестиция салу бойынша ондықта. Алыс берісті арттыруға әлі де мүмкіндік жетеді. Оны жүзеге асыруға қос тарап та мүдделі. Айта кету керек, ертең Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтететін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне қатысады.