Тәжікстан президенті Астанаға келді
Эмомали Рахмон да саммитке қатысу үшін елімізге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ Тәжікстан Республикасының президенті ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде 50-ге жуық делегация болады. Сонымен қатар ертең елордада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтпек. Онда сауда, мәдениет, қауіпсіздік салалардағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.