Р. Ердоған: әділ әлемге дипломатия арқылы қол жеткіземіз

Былтыр Түркия 122 мемлекетке 5 млрд доллардан аса гуманитарлық көмек жіберді. Ел басшысы Режеп Тайып Ердоған қазіргі алмағайып заманда мұның маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».   

«Себебі адамзат қиын сынаққа тап болды. Ал әділ әлемге тек дипломатия арқылы қол жеткізуге болады», – дейді президент. Бүгінде террористік ұйымдардың тым белсенді болып кеткені белгілі әрі олар қылмыстық әрекеттерін ұйымдасқан күйде жалғастырып жатыр. Осы ретте Ердоған БҰҰ-ның жаһандық стратегиясын қолдайтынын білдірді. Ол әсіресе ауған еліне көмек көрсетудің маңызын алға тартты.