Путин мен Ердоған келіссөз жүргізді

Саммит аясында Түркия мен Ресей президенттері жаңа газ хабын құру жайын талқылады.

Келіссөзде Владимир Путин қазіргі көгілдір отын бағасының шарықтап тұрғанын айтып, Түркияда тағы бір газ хабын салу жаңа жеткізу аймағының пайда болып, баға нарығын реттеуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ Ресей көшбасшысы "Аккую" атом электр станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жоспарға сай жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, межеленген мерзімде Мәскеу мен Анкара бірінші энергоблокты іске қоса алады. Ал келесі жылдың мамыр айында Атом электр станциясына ядролық отын жеткізу жоспарланғанын айтты. Реджеп Тайип Ердоған өз кезегінде Түркия тарапы Ыстамбұл келісімін нығайтуды жалғастыратынын және Түркия арқылы ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштар тасымалы жалғасатынын мәлімдеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Реджеп Тайип Ердоған мен Владимир Путиннің келіссөздері 1 жарым сағатқа созылған.