Астанада «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануы елдің тәуелсіздігіне жол ашқан тағдыршешті қадамы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл маңызды құжат егемендіктің құқықтық негізі саналатынын айтты. Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Сенат төрағасының қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. Мәулен Әшімбаев тәуелсіздік күнінің елдің  қоғамдық-саяси өмірі мен тарихында маңызы зор екеніне тоқталды. Ал жиынға қатысушылар тарихқа үңіліп, одан тағылым алуға мән берудің маңыздылығын тілге тиек етті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:  

- Біз үшін 25 қазан азаттыққа ұмтылыс жолында тағдыршешті қызу талқылаулар болғаны да белгілі.

Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам  қайраткері:

- Қабылданған Конституциялық заң ҚР мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңының құқықтық жалғасы екендігін көрсетті. Қоғамда да осылай қабылдану керек. Бұл екі мереке – егіз бастама. Декларацияның бастамасы Конституция заңынан орын тапқан.