Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді

Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді.

Елорда әуежайында мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.