Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті

Садыр Жаппаров Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғыз басшысы сапарының маңыздылығына тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты серіктестіктің әрі қарай қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Бүгінде қос ел Үкіметі бірлесе атқарып жатқан жұмыстар оң нәтиже беруде. Мемлекет басшылары бұны жоғары бағалады. Арадағы алыс-беріс былтырғының осы кезеңімен салыстырғанда 18 процентке өскен. Екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты тұр. Бұл іс те жоспарға сай жүріп жатыр.