Үкіметте технологиялық дамудың жаңа тәсілдері қаралды

Елімізде түрлі саладағы инновациялық белсенділікті ынталандыратын салалық орталықтар құрылады. Бұл туралы Үкімет жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орталықтарда әртүрлі саладағы технологиялық дамуға талдау жасалып, халықаралық трендтерге мониторинг жүргізіледі. Ал мамандар қажетті білім мен тәжірибені жинақтап таратып отырады. Премьер-министр тың тәсілді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлерді белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар одан әрі даму үшін не қажет екенін өздері айтып отыруды ұсынды. Жаңа әдісті денсаулық сақтау, экология және ауылшаруашылығы саласына енгізу жоспарда. Сондай-ақ, жиын барысында «Өнеркәсіпке арналған инновациялар» бірыңғай ақпарат жүйесін іске қосу мәселесі қаралды. Осы арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік тумақ.