Елордада белді сарапшылар саяси реформаларды талқылауға қатысты

«Қазақстанның саяси трансформациясы: бүгіні мен болашағы». Елордада белді сарапшылар, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылар осы тақырып аясында талқылау ұйымдастырды. Сарапшылардың пайымдауынша, елдің жаңа саяси үлгіге көшуі әрбір азаматтың мемлекеттік басқаруға қатысу үлесін арттырады.

Бұл ретте Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, «елде іске асып жатқан реформалар, билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті сақтайды. Әрі мемлекеттік институттардың жаңа принцип бойынша қалыптасуын қамтамасыз етеді», - деді.

Мемлекеттік институт жүйесі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделеді. Бұл ретте саяси күштер екі қағиданы берік ұстану қажет. Жауап беретін әрі парасатты саяси бағытты таңдауы керек.

Мұрат Әбенов, «Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы:

- Қоғам атынан сөйлеу – тек эмоция білдіру емес. Сауатты түрде дәлелдеп билікпен, министрмен, әкіммен тең дәрежеде әр позициясын талқылап, нақты ұсынысын беріп, билікті бақылай алатын қоғам керек. Мықты азаматтық қоғам өкілдерін дайындауымыз керек.