Қ.Тоқаевтың штабы СҚО шаруаларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Шаруалар және ауылшаруашылық тауарлары өндірушілерімен кездесіп, кандидаттың сайлау алды бағдарламасын талқылады. Одан кейін Бескөл ауылының жұртшылығымен жүздесті. Жастар жағы да назардан тыс қалған жоқ. Қозыбаев университетінде жиын өткізіп, кандидаттың бағдарламасы түсіндірілді. Жергілікті сарапшылардың да пікірі тыңдалды. Қағаз өнімдерін шығаратын кәсіпорын мен электроника зауыты ұжымымен кездесу өтіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 

Мәулен Әшімбаев, республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:

- Осы үш жарым жылдың ішінде пандемия болды, қасіретті қаңтар оқиғасы болып енді бәріміз үшін қайғылы жағдай болды. Украинадағы жағдайды да көріп отырсыздар. Осындай сын сағаты кезінде ең бастысы еліміздігі тұрақтылықты сақтап, Тәуелсіздігімізді күшейтіп, осы қиындықтардың барлығын еңсеріп келеміз.