Нұрлан Әуесбаев Орал тұрғындарымен кездесті

Оппозициялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың Орал қаласындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр.

Кездесуге келгендердің басым бөлігі жастар. Арасында оқу бітірген азаматтар мен студенттер де бар. Олар жастарды жатақхана және жұмыспен қамту жайын көтерді. Сонымен бірге тұрғындар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын жағдайдың нашар екенін айтты. Жиынға байқаушылар да қатысып, науқанға дайындық жайын сұрады. Бұдан бөлек, кандидатқа сайлауалды бағдарламасы бойынша бірқатар сауал жолданды.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

 - Инвалидтерге, басқа әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге баса назар аудармайды деген сияқты көптеген әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып өтті. Мен мүмкіндігінше барлық мәселе бойынша жауап бердік. Өте көп шаралар өткіздік енді қазір шамамен 30-35-тей шара өтті. Біздің негізгі мәселеміздің көбісін еңсердік. Тағы алда біраз істер бар.