Президент Shell компаниясының басшылығын қабылдады

Президент Shell компаниясының басшылығын қабылдады

Кездесуде мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сөйтіп ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.