Алматыда 69 сайлау учаскесі жабық мекемелерде орналасқан

Алматыда алдағы Президент сайлауында дауыс беруге құқылы 1 млн 170 мың адам тұрады.

Оларды 20 қарашада 600 сайлау учаскесі күтеді. Оның 69-ы жабық мекемелерде орналасқан. Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандардың өзінің конституциялық құқығын пайдалануға барынша жағдай жасалады. Ондай көмекке зәру адамдарды инвотакси алып жүреді. Ал учаскелерде сурдоаудармашылар қолұшын береді. Бұл жайында сайлауға әзірлік барысын талқылаған семинар кеңесте талқыланды. Оған аумақтық  сайлау комиссиясы мен саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынға президенттікке үміткерлердің сайлауалды штабының мүшелері де шақырылды.

Константин Петров, ҚР орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Орталық сайлау комиссиясы осындай семинарды еліміздің барлық аймағында өтікізіп шықты. Бұл жерде сайлауды өткізуге қатысты барлық сұрақтар талқыланады. Қатысушыларға ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріледі. Алматы ірі мегаполис екенін жақсы білесіздер. Сондықтан коммуналдық қызметтің жұмысында да кемшілік болмауы тиіс. Оған қоса қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті  құқық қорғау органдары қамтамасыз етпек.