Атыраулық мұнайшылыр Президенттік сайлауға жұмыс орнында дауыс береді

Ал сайлау күні Атырау облысы бойынша 37 мыңға жуық адам вахтада болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Теңіз», «Қарабатан», «Қашаған» кен орындарында және «Ембімұнайгаз» компаниясында жұмыс ырғағын бұзбас үшін сайлаушылар Атырау қаласындағы, Жылыой, Исатай, Қызылқоға және Мақат аудандарындағы сайлау учаскелерінде дауыс береді. Атап айтқанда, «Болашақ» мұнай дайындау зауытындағылар үшін жұмыс басында сайлау учаскесі ашылады, қалғандарын тасымалдау үшін арнайы автобустар шығарылады. Ал Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнына тікұшақ барады. Қазір мұнайшылардың тізімдері нақтыланып, өзге өңірлерден келген азаматтарды тіркеу жүріп жатыр.    

Азамат Айманакумов,  облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Олар өз өтінішетеріне сәйкес әкімдіктердің тізіміне енгізіліп, қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларына берілді. Осы тізімге енгізілген 24 мың 500 сайлаушының ішінде 11922 сайлаушы — өзге өңірден келген азаматтар. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларымен барлығы 44 сайлау комиссиясы осы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын сайлаушылардан дауыс алуды ұйымдастырады.