Президент сайлауы: 45 елден тілшілер келді

Сайлау күні 37 мемлекеттің 45 бұқаралық ақпарат құралының өкілдері біздің елдегі басты саяси науқан жайында жер-жаһанға ақпарат таратады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін олар Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті. Қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Комиссия мүшелері шетелдік тілшілерге сайлау бюллетеньдеріне алғаш рет «бәріне қарсымын» деген графа енгізілгенін айтты. Сайлау барысын бақылау үшін 641 халықаралық байқаушы тіркелгенін мәлімдеп, өз елімізден тыс 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін жеткізді.