Асанәлі Әшімов сайлауда таңдау жасады

Атақты кино және театр актері Асанәлі Әшімов халықтың жарқын болашағы, жас ұрпақтың келешегі үшін дауыс бердім, дейді.

Қазақстанның Еңбек Ері Самал-1 ықшам ауданындағы номері 382 сайлау учаскесіне өзінің жұбайымен бірге келді. Дауыс беруге қатысу, елдің саяси-қоғамдық өміріне байланысты өз пікіріңді, ұстанымыңды білдіру, дейді актер.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Халықтың жарқын болашағы үшін, жас ұрпақтың келешегі үшін мен өз даусымды бердім. Халықтың әл-ауқаты түзелмей, халықтың көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Ол бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті алға қою керек. Сайлаудың барлығына қатысамыз, неге қатыспаймыз. Өзіміздің пікіріміз бар, сондықтан әруақытта мұның барлығы халық үшін.