Елордада бюллетеньдерді санау жүріп жатыр

Ел аумағында дауыс беру тоқтатылған уақыттан бастап, республика бойынша дауыс беру учаскелерінің басым бөлігі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы сайлау учаскелері де өз жұмысын аяқтады. Бір қызығы сайлаушылар дауыс берудің тоқтауына санаулы минуттар қалғанша келіп, өз таңдауларын жасады. Біздің түсірілім топ Астанадағы №104 сайлау учаскісінің сайлау жәшігін ашу сәтіне куә болды. Онда  комиссия мүшелері мен байқаушылар арнайы жәшікті ашып, бюлеттеньді санап шықты. Ал қолданылмаған 816 бюллетень бірден жойылды. Комиссия төрағасының айтуынша, дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болған.

Гүлхан Мазова, №104 сайлау учаскесінің төрағасы:

– Негізі бізде тізім бойынша 2202 адам тіркелген. 7 адам денсаулығының жарамсыздығына байланысты бізге өтініш түсірді. Осыларға біз сайлау жәшігін үйіне жеткіздік. Олар үйден шықпай дауыс берді.