Қ.Тоқаев Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Биылғы он айда Қарағанды облысында 414 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. Мұны облыс әкімі айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс Қасымбек бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Әкім Президентке өңірдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берді. Аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы тас жолдарды дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.