Жоғарғы соттың төрағасы ауысты

Жоғарғы соттың төрағасы ауысты.

Енді бұл қызметті Асламбек Мерғалиев атқарады. Оны бүгін сенаторлар сайлады.

Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысының ұсынысымен еліміздің Жоғарғы сотының төрағасын қызметінен босату және сайлау, сондай-ақ оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады. Осы орайда Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Асламбек Мерғалиевтің 20 жылдан артық сот жүйесінде белсенді қызмет етіп келе жатқанын атап өтті. Тәжірибесі мол, білікті маман деді. Мерғалиев 2020 жылдың желтоқсанынан бері Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болды. Ал Жақып Асановтың осы айда өкілеттігі аяқталуына байланысты және басқа қызметке ауысуына орай ол Жоғарғы Соттың төрағасы лауазымынан босатылды.