Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.