Қазақстанда бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады

Биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуы тиіс,- деді Премьер-министр. Экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады.

Атап айтқанда, жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді.

Халықты сумен, электр қуатымен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, - деді Смайылов.