Банктер жоғары пайызбен тұтынушылық несие бергенше, бизнесті қаржыландыруы керек – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бүгін тағы көтерді. Президенттің тапсырмасы бойынша жедел шешімдер пакеті әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның аясында азаматтар біріңғай зейнетақы қорындағы қаржысының жартысын басқарушы компанияға бере алады. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру саласы цифрандырылады. Сондай-ақ қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша берілетін қарыздың үстемесін субсидиялауды жеті жылға көтеру мәселесі қарастырылады. Ал тұтынушылық несиені азайту маңызды. Өйткені миллионнан астам адамның қарызды қайтаруға жағдайы жоқ. Сондықтан бірін жабу үшін екіншісінен несие алады.