Қ. Тоқаев Татарстан Президентімен кездесті

Ал Татарстанмен серіктестік аясы одан әрі кеңейе түседі. Еліміздегі бірлескен жобаларға қолдау көрсету жалғаса береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гаутам Аданиден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Татарстанмен тауар айналымы биылғы 9 айда 466 млн доллардан асқан. Мемлекет басшысы байланысқа көңілі толатынын жеткізді. Рустам Минниханов болса Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Сондай-ақ машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өтті. Зауыт келесі жылы толық қуатта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 млн дөңгелек шығарады. Зауытта мыңнан аса жұмыс орнын ашу қарастырылған. Инвестиция көлемі – 400 млн доллар.