Үкімет құрамы өзгеруі мүмкін – Әшімбаев

Бұл Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына байланысты.

Яғни науқан аяқталғанда, заңға сәйкес Министрлер кабинеті отставкаға кетуге тиіс. Кейін депутаттар болашақ ведомство басшыларының кандидатураларын талқылайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Министрлердің қайсысы лауазымына лайықты екенін бағалау менің құзырыма кірмейді. Олардың қызметіне қатысты шешімді тек Мемлекет басшысы ғана қабылдайды. Келер жылдың басында Мәжіліс депутаттарын сайлау өтеді. Кейін заңнамаға сай Үкімет отставкаға кетіп, жаңа Министрлер кабинеті қалыптастырылады.