Қазақстан мен Гонконг туроператорлары өзара ықпалдастық туралы келісімге келді

Қазақстан мен Гонконг туроператорлары өзара ықпалдастық туралы келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уағдаластыққа Алматы қаласының туризм күндері аясында қол жетті. Роуд-шоуға 100-ден астам турагенттік пен 20 қауымдастық қатысты. Шара аясында қазақстандық 10 компания Сянган арнайы әкімшілік ауданыың әріптестерімен кездесті. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Гонконгта аккредиттелген бас консулдықтардың басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері атысты. Кездесуде шаһардың туристік әлеуетімен бірге қазақ халқының бай мәдениеті, дәстүрі және тарихы паш етілді. Шара аясында Алматы Туризм басқармасы мен Гонконг туристік индустрия кеңесі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алмас Сейтақынов, Қазақстанның Гонконг қаласындағы бас консулы:

 - Еліміздің туристік әлеуметін таныстыру мақсатында бұл шоу ұйымдастыруда. Бұл іс-шара шетелдік туристік азаматтарды, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтарын, Гонконг тұрғындарын елімізге шақыруға бағытталған. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Алматы қаласы туристік басқармасымен өзара таныту меморандумға қол қойды. Еліміздің туристік әлеуметін, тарихын, мәдениетін таныстыру бойынша тағы да болашақта іс-шара өткізуге жоспарлануда.