Мемлекет басшысы шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Ол Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. «Халықаралық турнирлердегі әрбір жеңіс жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді» деді. Сосын Президент осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.