ҚР Премьер-Министрінің Канцеляриясы Үкімет Аппараты болып қайта құрылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
2023 жылғы 02 қаңтар
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылсын.
Үкімет Аппараты:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;».
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар
№ 79