Қаңтар оқиғасы: экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды

Арнайы прокурорлар қаңтар оқиғасына қатысты 720 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш істер бойынша, тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры мәлімдеді. Одан бөлек, күдіктілердің арасында дес-труктивті ағымдардың 8 жақ-таушысы болған. Олардың 126-сы - өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағандары үшін бұрын-соңды істі болған.