Қостанай облысынан Сенат сайлауына үш кандидат тіркелген 

Қостанай облысынан Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркелген. 

Олар денсаулық саласының маманы, қоғамдық ұйым өкілі және мемлекеттік қызметкер. Сенатор атануға үмітті азаматтардың орташа жасы 50-де. Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаңтардың 14-і таңдау жасайтын сайлаушылардың тізімі және  саяси шараның өтетін орыны белгіленді. Дауыс беру бюллетенінің үлгісі де бекітілді. Шарт-талабы бойынша сайлаушы бір ғана үміткер есімінің тұсына белгі қоя алады.

Әсия Дуанбаева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Бізде сайлаушылар тізімінде аудандық, қалалық, облыстық денгейдегі 263 мәслихат депутаты тіркелген. Олар 14 қаңтарда Қостанай қаласына келеді. Дауыс беру Жастар сарайында сағат 11:00-де басталады.