Қаржы орталығының алдағы жоспары баяндалды

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде орталықтың алдағы уақыттағы қаржы, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты жоспары баяндалды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа басшыға бірқатар тапсырма берді. Дәлірек айтсақ, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал ету міндетін жүктеді.