Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге ресми сапары жалғасып жатыр

Бүгін Абу-Дабидегі «Әл-Уатан» сарайында қазақ елінің басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстан әнұраны орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылы мемлекет басшыларына рапорт берді. Бүгін мемлекет басшылары келіссөздер жүргізеді, Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің іскер топ өкілдерімен кездесіп, ивестициялық жобаларды талқылайды деп жоспарланып отыр.