Президент депутаттарға алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің 7-ші шақырылым  депутаттарына алғысын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Парламент Мәжілісінің 7-ші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын.