12 млн-ға жуық азамат Мәжіліс сайлауына қатыса алады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Константин Петровтың айтуынша, биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің тізімін жасақтаған. Оған тұрақты тіркелген жері бойынша сайлау құқығы бар азаматтар да қосылды. Жалпы әр саяси науқанда сайлаушылардың тізімі тұрғындардың тұрақты тіркелген жері мен дауыс бергісі келетін учаскелерге өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, жеке түзіледі.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметіне сәйкес сайлаушылардың тізімін жинақтады. Оған тұрғылықты жері бойынша алдын ала есепке алынған 11 млн 970 406 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың дені – Түркістан облысында. Онда 1 млн 177 507 сайлаушы болса, ал ең азы Ұлытау облысында тіркелген. Мұнда 138 277 сайлаушы бар.