Сайлау-2023: ҚХП кандидаттар тізімін өткізді

Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсетін кандидаттардың алғашқы тізімі түсті.

Құжаттарды бірінші болып Қазақстан Халық партиясы өткізді. Партия  52 кандидат ұсынып отыр.  Мұндай шешім партияның кезектен тыс съезінде қабылданған. Олардың 32,6 пайызы әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандар.

Серікқали Мұқашев, «Қазақстан Халық партиясы» төрағасының орынбасары:

- Адамның құрамында республикамыздың барлық өңірлерінен адамдар қамтылды. Сондықтан барлық талап ескерілді деп есептейміз. Ал жаңағы мәслихаттар бойынша әлі жасақталып жатыр. Уақыт әлі бар 8-ші ақпанға дейін. Бірақ дәл қазір өткенде біз съезде айтқанымыздай 700-дің маңында. Әлі тізім толық жасақталып біткен жоқ.